Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес 768 жас тұрақты жұмыс орнын тапса, 470-і әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды, 1191 түлек жастар тәжірибесі бойынша жолданды.
Аталмыш бағдарлама аясында 59 жас шағын несиеге қол жеткізсе, соның 51-і өзінің жеке ісін ашты. 881 жас кәсіби даярлыққа, қайта дайындауға және біліктілігін арттыруға жіберілді.