Батыс Қазақстанда әкесі мен ұлын бірнеше айы бойы құл етіп жұмыс істеткен


"Полиция өткен жылы желтоқсанда ауданның шалғай жатқан қыстағына әкетілген 64 жастағы ер адам мен оның 30 жастағы ұлын құлдықтан босатты”, деп хабарлады сейсенбіде облыстық полицияның баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, ағайынды екі жігіт оларды соңғы екі ай бойы шаруашылықта жұмыс істеуге мәжбүрлеген.
Құлдықтан босатылғандардың айтуына қарағанда, олардың қашып кетуге мүмкіндіктері болмаған, өйткені шаруашылық аудан орталығынан алыс жерде болған және оларды үнемі бақылап отырған.
Бұл факті бойынша республика Қылмыстық кодексінің 126 бабы 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.