Батыс Қазақстанда бес айда 619,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, кен өндіру өнеркәсібінде 560,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Мұндағы өсім - 4,6 пайыз. Әсіресе, табиғи газ өндіру - 9,6, газ конденсаты 5,7 пайызға артып отыр.

Өңдеу өнеркәсібінде 46,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғы бес айдағыдан 43,6 пайызға асып түсті. Әсіресе, мұнай өнімдері - 2,4, машина жасау - 2,3, басқа металл емес минеральдық өнімдер - 1,6, тоқыма бұйымдары 1,4 есеге артты.