Батыс Қазақстанда бокстан республикалық турнир өтуде

Оған Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларынан және БҚО аудандарынан балғын боксшылар қатысуда.

Аталмыш жарыс аймаққа белгілі әкелі-балалы кәсіпкерлер Алғали және Мирболат Тасмағамбетовтің демеушілігімен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Жалпы, Шыңғырлау ауданында бокс әуелден жақсы дамыған. Кезінде бұдан есімі елге белгілі боксшылар да шықты. Соның бірі, Ленинград қаласының екі мәрте чемпионы, КСРО құрамасына қабылданып, Барселона олимпиадасына баруға үміткерлердің бірі болған Еділ Ешекеновті (1969-1993) еске алуға арналған турнир де жыл сайын өткізіліп келеді.