Батыс Қазақстанда дәрі-дәрмек тиелген көлік отқа оранды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, көлік Ақжайық ауданы аумағында Самал елді мекенінің жанында өртенген.

"Өрт түнгі 01.15-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен кінәлілер анықталып жатыр. Өртті сөндіруге бір техника мен бес өрт сөндіруші жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Көлік жеке кәсіпкерге тиесілі. Оның ішінде медициналық препараттар болған. 


Өрт болған жерде полиция қызметкерлері де жұмыс істеді.