Батыс Қазақстанда дәстүрлі «Еуропа-Азия» туристік фестивалі өткізілді

Он үшінші рет өткізілген биылғы фестивальға облыс аудандарынан ғана емес, көршілес Ақтөбе облысынан да педагогтар қатысты, барлығы 26 команда құрамында 260 адам болды.

Үш күнге созылған фестиваль барысында қатысушылар техникалық жарыстың төрт түрінен және алты байқаудан сынға түсті. Мәселен, кросс-жорықтан Ақжайық ауданы командасы жеңімпаз атанса, командалық қашықтықтан Бөрлі ауыл шаруашылығы колледжі оқытушылары озды. Биыл тұңғыш рет «Кәнігі турист» аталымы енгізіліп, одан ақтөбелік «Саяхат» командасының өкілі Алмат Сағынтаев, оралдық «Атамекеннен» Ахмет Зұлқашев үздік атанды.