Бұл туралы 24kz сайты хабарлады.
Мезгілінде кірістерін жария етпегендердің көпшілігі мемлекеттік қызметтен босатылғандар екен. Тиісті заңнамаға 2016 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес түрлі теріс себеппен қызметтен кеткендер де 3 жыл бойы декларация тапсырып тұруы тиіс. Ал мемлекеттік қызмет істері департаменті былтыр табысын жұрттан жасырған 44 тұлғаны анықтаса, биыл жыл басынан бері 24 лауазым иесіне шара қолданыпты.
«Ағымдағы жылы 26 наурызға сәйкес мәлімет бойынша 24 әкімшілік хаттама толтырған. Оның 15-і – жаңағыдай мемлекеттік қызметтен теріс себеппен босатылған адамдар. Жалпы қазіргі кезде 946 мың теңгеге айыппұл салынса, соның 45 пайызы өз еріктерімен айыппұлдарын төледі», - дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО департаменті басшысының орынбасары Аманқос Жұбаныш.