Батыс Қазақстанда достық фестивалі қорытындыланды

Орал қаласындағы Достық үйінде өткен қорытынды шараға ұлттық-мәдени орталықтар жетекшілері, көркемөнерпаздар ұжымдары қатысты. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаевтың атап өткеніндей, аталған өнер фестивалі өңірдегі рухани бірлік пен ұлтаралық келісімді одан әрі орнықтырып, отаншылдық сезімді дамытуға қызмет етеді.

Концертте қазақ, орыс, өзбек, татар, беларусь тілдерінде әндер шырқалып, жыр оқылды, би биленді.

Шара соңында облыс әкімі, облыстық ассамблея және мәдениет басқармасы атынан үздік өнер көрсеткендерге алғысхаттар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.