Батыс Қазақстанда кабинеттен мұғалімді итеріп шығарған мектеп директорына айыппұл салынды


Сот оны Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 79-3 бабы бойынша (денсаулыққа зиян келіру) кінәлі деп санап, оған 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу түрінде жаза белгіледі, деп хабарлады бейсенбіде облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Қазақстанда бір айлық есептік көрсеткіш 1852 теңге.
Істің материалдарына қарағанда, мектеп директоры ұстазды иығынан ұстап, кабинетінен итеріп шыққан, мұғалім онда пән өткізу сағаттарын бөлуге қатысты мәселені шешу үшін барған екен.
Әйел жеңіл дене жарақатын алған, ол полицияға арыз берді, деді соттың баспасөз қызметінен.