Батыс Қазақстанда картоп 13,7, жарма бағасы 16,3 пайызға арзандады

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 2012 жылдың қаңтар-қазанында азық-түлік тауарларының бағасы 3,4 пайызға өсті. Соның ішінде еттің бағасы 9,1, шошқа еті - 5,7, жылқы еті - 10,4, қой еті - 12,8, сиыр еті 14 пайызға қымбаттады. Кондитер өнімдері - 3,1, бөлке және ұннан жасалған кондитер өнімдері - 3,9, қант - 6,1, ұн - 11,9, нан- 2,9, макарон өнімдері 1,6 пайызға көтерілді.

Есесіне биылғы он айда көкөніс бағасы - 4,4, соның ішінде пияз - 6,1, қызылша - 7,4, қияр- 13,2, қызанақ 22,6 пайызға төмендеді. Картоп 13,7 пайызға арзандады. Осы кезеңде жарма бағасы 16,3 пайызға түсті.