Батыс Қазақстанда кәсіпкер үйінің ауласынан өлі табылды

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында 64 жастағы кәсіпкерді өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды жергілікті "Мой город" басылымы.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 шілде күні сағат 22.00-де болды. Кәсіпкер өз үйінің ауласында өлі табылды.


"М.Иқсанов көшесіндегі үйдің кіреберісінен 1958 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Ол басынан оқ жарақатын алған. Сондай-ақ үйдің ауласынан маркасы белгісіз атыс қаруы табылып, тәркіленді. Мүрде Орал қаласындағы мәйітханаға жіберілді, - деп хабарлады полициядағылар.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті іздестіріліп жатыр. Марқұм дүкен ұстаған кәсіпкер болған.