Қайғылы оқиға 14 қаңтар кешке Бәйтерек ауданындағы Янайкино ауылында болды, деп хабарлайды өңірлік "Мой город" портады.
Кешкі сағат он шамасында ауылдың шетіндегі үйде өрт шығады. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үйдің ішінен үш адамның мәйітін тапты.
Олар - 66 жастағы Александр Запрометов, оның әйелі және 42 жастағы ұлы. Үшеуіне пышақ жарақаты салынған. Қылмыс орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.
Запрометов 1987 жылдан Янайкино совхозының басшысы болды, кейін "Лесное" ЖШС-ын құрып, мал шаруашылығымен айналысқан.