Батыс Қазақстанда мәдениет саласын қаржыландыру 10,8 пайызға өсіп, 3438,9 млн. теңгеге жетті

Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырхановтың айтуынша, осы қаржыға 24 мәдениет нысанын күрделі жөндеуге қол жеткізілді. Биыл сондай-ақ төрт бірдей мәдениет ошағы, соның ішінде бір ауылдық клуб пен үш кітапхана іске қосылды. Сөйтіп қазіргі таңда өңірде 267 клуб пен 408 кітапхана жұмыс жасайды. 10 шығармашылық ұжымға «халықтық» және «үлгілі» атақтары беріліп, мұндай ұжымдар қатары 54-ке жетті.

Жыл ішінде көптеген мәдени шаралар табысты өткізілді.