Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігі Батыс Қазақстанда "омикрон" штамы анықталды деген ақпаратты жоққа шығарды.
Бұған дейін БАҚ-та Батыс Қазақстанда "омикрон" штамы анықталды деген ақпарат тараған болатын. Алайда көп ұзамай ол ақпарат алынып тасталды.
Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл фейк. "Омикрон" жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Ержан Байтанаев та брифинг кезінде елде жаңа штамның анықталмағынын айтқан.