"Бірлескен ресейлік-қазақстандық кәсіпорында инженерлік-техникалық қызмет директоры ретінде жұмыс атқарған шетелдік азамат бір жұмысшымен сөзге келіп қалған", - деді "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық соттың баспасөз қызметінен.
"Жүргізушінің көліктен бензин құйып алып жатқанын көріп, ол кәсіпорын жетекшісі ретінде ашуланып, оның айтуына қарағанда, канистраны теуіп қалған. Алайда жүргізуші "ол менің жамбасымнан тепті", - деп айтуда, ол туралы медицина мекемесінен анықтама қағазы да бар екен".
Сот қаулысына орай Қытай азаматы ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 79-3 бабының 2 тармағы бойынша кінәлі деп танылды, алайда екі жақ татуласқандықтан жауапкершіліктен босатылды.
Зардап шегушінің мәлімдемесіне қарағанда, материалдық және моралдық шығынның орны толықтай өтелген.