БҚО статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның 23850,1 млн. теңгесі - өсімдік, 37100,3 млн. теңгесі - мал шаруашылығының үлесіне тиеді. Өткен жылдың тоғыз айымен салыстырғанда, мал өнімі - 1,4, өсімдік өнімі - 11,5 пайызға өсіп отыр.
Жыл басынан бері тірілей салмақпен 50,9 мың тонна ет (101,3 пайыз), 190,8 мың тонна сүт (100,3 пайыз), 120,1 млн. дана жұмыртқа (114,7 пайыз) өндірілді.
Биылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша 474,7 мың бас ірі қара (2013 жылғыдан 7,5 пайызға көп), 1016,8 мың қой (116 пайыз), 214 мың ешкі (108 пайыз), 119,4 мың жылқы (115,9 пайыз), 3,1 мың түйе (99,3 пайыз), 27,2 мың шошқа (98,1 пайыз), 958,2 мың құс (96 пайыз) санаққа ілігіп, дені өткен жылғы осы кезеңнен көбейіп отыр.