Батыс Қазақстанда Социалистік Еңбек Ері К.Меңдәлиевтің мүсіні ашылды


кең көлемде аталып өтті.Облыстың үш ауданын, соның ішінде Фурмановты (Жалпақтал) ұзақ уақыт бойы басқарып, соңына өшпес із қалдырған қайраткер есімі ұмытылмақ емес. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің атап өткеніндей, соның дәлеліндей К.Меңдәлиев есімімен аталатын мектеп алдында оның мүсіні ашылды. Аталмыш мектепте К.Меңдәлиевтің мұражайы да бар.
Мәдениет үйінде болған салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр қайраткердің өмірі мен қызметі туралы баяндама жасаса, Социалистік Еңбек Ерімен қызметтес болған еңбек ардагерлері Мақсот Батыров, Мүсір Айтасов, К.Меңдәлиевтің қызы Дина Кенжебекқызы және басқалар естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ қоғам қайраткері туралы шығарылған кітаптың таныстырылымы болды.