Батыс Қазақстанда тағы бір мәдениет үйі іске қосылды

Заман талабына сай жаңарған нысанды аралап көрген аудан басшылары «КМТ СитиҚұрылыс» ЖШС жүргізген еурожөндеу жұмысына оң баға берді. Күрделі жөндеуге жергілікті қазынадан қомақты қаржы жұмсалды. Жаңадан құрал-жабдықтар да алынды. Электр қуатымен жылытылатын ғимаратқа жылы су да келіп тұр.

Мәдениет үйінің меңгерушісі Ерболат Рамазановтың айтуынша, мұнда ән, хор, би үйірмелері жұмыс жасайды. Енді домбыра үйірмесі ашылмақ.

Батыс Қазақстанда биыл 22 мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізіліп жатса, соның бірі осыған дейін Қаратөбенің Егіндікөл ауылында іске қосылған болатын.