Батыс Қазақстанда төрт жасар баланы тоқ соғып, екі қолынан айырылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бала электр станциясының аумағына кіріп кеткен. Облыстық ауруханаға жедел жеткізілген. Алайда жарақаты ауыр болғандықтан дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды.

Зардап шеккен Аманжол Сисенғалиев отбасындағы 4 баланың кішісі. Қазір жағдайы орташа ауыр. Айығып шығуы үшін біраз уақыт керек дейді мамандар.