Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, оқиға орнында төрт ер адам қаза тапты. Олардың бәрі де Атырауға жұмысқа бара жатқан Орал қаласының тұрғындары еді. Екі ер адам Тайпақ ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ 17 маусымға қараған түні Орал қаласында «ВАЗ-2106» автокөлігінің руліне мас күйінде отырған жүргізуші Конкин көшесінде қарсы келе жатқан «МAN» автокөлігімен түйіскен. Жол апаты салдарынан «ВАЗ-2106»-дың 45 жасар жолаушысы көз жұмды.