Батыс Қазақстаннан тағы бір спортшы Лондон олимпиадасына барады

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 1988 жылы Орал қаласында туған Виталий Аничкин спорттық жүріспен балалар және жасөспірімдердің №1 спорт мектебінде 9-сыныптан бастап айналыса бастады. Бертін келе Оралдағы инженерлік-гуманитарлық академияны тәмамдаған ол қазір олимпиада резервтерін дайындау орталығында Рустам Куватовтың жетекшілігімен жаттығады. В.Аничкин -бірнеше дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, Қазақстан халықтары спартакиадасының чемпионы, спорт шебері.

Сонымен, БҚО-дан олимпиадаға қатысатын спортшылар саны жетеуге жетті.