Батыс радикалдық исламға қарсы бірлесе күресу үшін Ресеймен келіспеушілігін жоюы тиіс

деп бүгін британдық «Индепендент» газеті жазады.

«Блэр мырза Еуропа мен АҚШ-ты Ресей және Қытаймен қарсылықты шетке ысырып, өздерінің ұжымдық мүдделеріне қауіп төндіретін исламға радикалдық және саясиландырылған көзқарасқа қарсы күрес мәселесіндегі ынтымақтастықты жолға қоюға шақырады», - деп жазады басылым.

Экс премьердің пікірінше, қазіргі кезде радикалдық ислам басты әлемдік проблемалардың бірі.