Батыс Жезқазған кенішінде кеннің құлауы салдарынан шахтер жараланды

Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, оқыс оқиға 30-қазанда №55 шахтада болған.

Соның салдарынан жараланған кенші Сәтпаев қаласындағы ауруханаға жатқызылды.