Батысқазақстандық балғын балуан республикалық турнирден жеңіспен оралды

Еркін күреспен үш жылдан бері айналысатын он төрт жастағы Шыңғысхан алты қарсыласының бәрін де ұтып, чемпион атанды. Оның бапкері - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амангелді Мұсабеков. А.Мұсабековтің айтуынша, аталмыш турнирге мектеп-интернаттан 11 балғын балуан қатысып, соның ішінде Шыңғысханнан басқа Елшат Байыров пен Ақылбек Кеңесай қола жүлдегер атанған. Бұл балаларды бапкер аудандардан іріктеп алған. Ендеше, ел ішінде таланттардың көп екені анық.

Ш.Жантасұлы енді алдағы жазда Якутскіде өтетін «Азия балалары» халықаралық ойындарына қатысады.