Батысқазақстандық балғын балуандар Анапада өткен халықаралық турнирден жүлдемен оралды


БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жарыстың ауқымдылығы сондай, оған ТМД елдерінен, атап айтқанда, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Молдова, Беларусь, Қазақстан елдерінен 20 команда құрамында 600-дей спортшы қатысты. 

Батыс Қазақстаннан төрт бірдей балуан қола жүлдегер атанды. Орал қаласындағы №1 БЖСМ шәкірті Азат Мұхамедиев (38 кг, бапкері Батырбек Қазиев), сондай-ақ спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатынан Мақсот Төлегенов жаттықтыратын Рүстем Темірғали 42 кг, Қуаныш Кеңесов 46 кг, Дәулет Ларионов 54 келі салмақта үшінші орынға көтерілді.