Батысқазақстандық балғын дзюдошы Н.Серікбай республикалық турнирде жеңімпаз атанды

Турнирге Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан, Ресей мен Украинадан және Қазақстанның барлық облыстарынан 200-ге тарта спортшы қатысты.

Байрақты бәсекеде батысқазақстандық Нығмет Серікбай 55 келі салмақта финалдық бәсекеде әзірбайжан балуаны Гасановты жеңіп, алтыннан алқа тақты.