Батысқазақстандық балуан Н.Қайырманов ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Аталмыш жарыста Нариман Норвегия, Швеция елінің балуандарын жеңіп, тек украиндық В.Васильевтен 2:3 есебімен жеңілген. «Алдағы жылы осындай жарыс Венгрияның Будапешт қаласында өтеді. Сонда қарымта қайтарып, жеңіске жетсем бе деймін», дейді Н.Қайырманов.

1972 жылы дүниеге келіп, 63 келі салмақта күрескен Нариман - кезінде екі мәрте ел чемпионы, одақтық, халықаралық додаларда жүлдегер атанған балуан.