Батысқазақстандық балуан олимпиада чемпионын ұтты

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Таймураз өзіне үйреншікті 96 килә салмақта топ жарды. Бірінші айналымда Беларус елінен келген Дмитрий Шершеньді оңай жеңген Т.Тигиев содан кейін поляк Радослав Дублиновскийді ұтты.

Жартылай финалда Таймураз өзінің сыралғы қарсыласы, Ресей намысын қорғайтын тағы бір осетин балуаны, олимпиада чемпионы, төрт мәрте әлем біріншілігінің жеңімпазы Хаджимурат Гацаловты тізе бүктірді. Ал финалда Т.Тигиев тағы бір қазақстандық балуан Дәулет Шабанбайға дес бермеді. Сөйтіп Таймураз өзінен үміт үзуге болмайтындығын дәлелдеді.