БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан Мира Баянованың хабарлағанындай, олимпиада резервтерін даярлау орталығының тәрбиеленушісі, 1996 жылғы Елшат 66 келі салмақта кілемге шықты. Бұл салмақта барлығы 73 спортшы өнер көрсетті.
Е.Байыров жартылай финалда Азия чемпионатының жүлдегері, өзбек палуанын жеңсе, финалда Ресейдің Якутиясынан келген спортшыдан басым түсті. Сөйтіп ол ҚР спорт шебері атағын қорғады.
Айта кетейік, Елшаттың жеке бапкері - Ренат Айжарықов.