Батысқазақстандық қазақ драма театры облыс аудандарында гастрольдік сапарда болып қайтты

Театр директоры Құжырғали Төлеуішевтің айтуынша, бұл жолы әртістер қалаға іргелес қоныстанған Теректі, Зеленов, Тасқала аудандарында «Болмаған оқиға», «Алтын көрсе...», «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» сынды спектакльдер қойды. Теректінің Шағатай, Долинный, Зеленовтың Трекин, Махамбет, Мичурин, Раздольное ауылдарында батысқазақстандық театр әртістері бірінші рет өнер көрсетті. Әр ауданда жеті күннен болған олар гастрольдік сапарын Шыңғырлау ауданында қорытындылады.

Әр маусым соңында аудандарға өнер сапарымен баруды игі дәстүрге айналдырып келе жатқан батысқазақстандық әртістер демалыстан кейін павлодарлық режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Тәпеновтың жаңа қойылымына қатыспақ.