Батысқазақстандық қос балуан ҚР кубогының иегері атанды


Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш турнирге БҚО-дан сегіз балуан (3 әйел, 5 ер адам) қатысты. Әйелдер күресінен биылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Екатерина Ларионова 63 келі салмақта Қазақстанда өзіне тең келер қарсылас жоқтығын тағы да танытты. Сондай-ақ Артур Мамадалиев 55 келі салмақта чемпион атанды.