Батысқазақстандық тележурналист М.Балмолданың «Ақ тұлпар» атты жыр жинағы жарық көрді

Бұл - оның екінші кітабы. Өлеңмен қатар әңгімелер де жазатын қаламгердің бұдан бұрын «Көкбөрі» атты жинағы оқырмандарға жол тартқан болатын.

Жаңа жинақтың таныстырылымы М.Балмолданың өзі білім алған М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ұйымдастырылды. Университет проректоры, тарих ғылымдарының докторы Әбілсейіт Мұқтар, әдебиетші-ғалымдар Зейнолла Мүтитегі, Серікқали Шарабасов және басқалар автордың шығармашылығы туралы жылы лебіздерін білдірді.

Ақ Жайықтың тарихи тұлғалары хақында қалам тербеп жүрген журналист, бірнеше деректі және балаларға арналған «Қағаз ұшақ» көркем фильмінің сценариін жазған Мұнайдар Балмолда алдағы уақытта да жаңа туындыларын ұсынбақшы