Батысқазақстандық түлектердің орташа балы - 83,62

Облыстық білім басқармасынан түскен алдын ала мәліметке қарағанда, шәкірттердің орташа балы - 83,62. Өткен жылы бұл көрсеткіш 81,25 балл болған еді. «Алтын белгіден» үміткер 235 түлектің 118-і немесе 50,21 пайызы, үздік аттестаттан дәмелі 98 шәкірттің 32-сі (32,7 пайыз) өз білімдерін дәлелдеп шықты.

Өңір бойынша облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының түлектері орташа 118,5 балл жинап, үздік нәтижеге қол жеткізді. Теректі ауданындағы «Үміт» тілдер гимназиясы - 117,8, Орал қаласынан қазақ-түрік лицейі - 113,8, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернат кешені орташа 105,4 балды еншіледі.

Аудандар арасынан Теректі (91,03 балл), Бөрлі (89,23), Тасқала (87,82) алғашқы үштікке ілікті.


Еске сала кетейік, «Үміт» тілдер гимназиясының түлегі Сымбат Самат ең жоғары 125 балл жинады әрі «Алтын белгісін» қорғап шықты.