Батысқазақстандық жас балуан Е.Ларионова халықаралық жарыстан «алтын» алды


Осыған дейін де талай жарыста топ жарған Екатерина Бангкок қаласында еркін күрестен кадеттер арасында өткізілген Азия біріншілігінде алтыннан алқа тағып, Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілуіне үлкен үлес қосты. 60 килә салмақта күрескен оралдық балуан жапондық спортшыны да таза жеңді. Қазақстандық қыздар осы алтын медальға қоса төрт күміс, үш қола жүлдені ұтып алды.