Батысқазақстандық жас балуан қыз Н.Әбдіровті еске алуға арналған турнирде топ жарды

Орал қаласындағы олимпиада резервтерін даярлау орталығында жаттығатын Екатерина 63 килә салмақта қарсыластарының бәрін ұтып, чемпион атанды.

Мұсабек Нарегеев пен әкесі Алексей Ларионов баптайтын Екатерина - жастығына қарамастан, ел намысын абыроймен қорғап, халықаралық додаларда көзге түсіп жүрген балуан. Ол - Азия біріншілігінің күміс жүлдегері, Ташкент қаласында биыл өткізілген олимпиадалық турнирдің қола жүлдегері, кадеттер арасында биылғы Азия чемпионы. 2010 жылы ол сондай-ақ ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігінде сынға түсіп, күміс жүлдені иеленген болатын.