Батысқазақстандықтар Азиада Алауын қарсы алуға дайын

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Мүсілім Оңдағановтың айтуынша, жетінші қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасын өткізу жөніндегі облыстық штаб барлық әзірлік жұмыстарын тиянақтай келді.

Орал қаласында алауды алып жүру рәсімі 18 қаңтарда екі кезеңмен жүргізілмек. Алдымен алау ұстаушылар қаланың бас көшесімен Жеңіс алаңынан Мәншүк Мәметова ескерткіші тұрған алаңға дейін жүріп өтеді. Екінші кезең -М.Мәметова алаңынан мұз айдыны спорт сарайына дейін созылады. Осында эстафетаға қатысушылар мен өңір тұрғындары үшін мерекелік концерт қойылады.

Азиада алауын БҚО-дан барлығы елу адам алып жүрмек.