Батысқазақстандықтар каратэ-до шотоканнан өткен әлем чемпионатынан қос қоламен оралды

Байрақты бәсекеде Орал қаласының жекпе-жек спорт мектебінен 4 спортшы бағын сынаған болатын. Әлемнің 63 мемлекетінен 2500 спортшы келген бұл дүбірлі додада Влада Подмарева (63 келі), Әлихан Ақжолов (30 келі) қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ батысқазақстандықтар Данил Титов және Максим Ки­сель жақсы өнер көрсетті.

Әлихан Ақжолов әлем чемпионатының алдында өз салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, Қа­зақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдері арасында өткен «Astana Open» 3-ші халықаралық турнирінің күміс жүл­дегері болған еді.