"Өмір енді ғана басталды" деп жазған Болат Әбілов досын қызды болуымен құттықтаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Менің "өмір енді басталды" деген ұраным бар. Ол досым, әрі бауырым Мұхтар Жәкішовтың өмірінде орын алған жақсы оқиғамен үндесіп тұр. Мұхтарды шын жүректен қызды болуымен құттықтаймын. Бұл жаңа өмір, болашаққа сеніммен қадам басқан жаңа жол. Өмір енді ғана басталды дегенге көзіміз анық жетті", - делінген жазбасында.
Көпшілік Жәкішевтің қасындағы жас келіншекті екінші алған әйелі деп топшылады.Бұған дейін еш жерде Мұхтар Жәкішевтің ажырасып, екінші мәрте отбасы құрғаны жайлы мәлімет тараған жоқ.
Айта өтейік, Мұхтар Жәкішовтың бірінші әйелі Жәмилә Жәкішова күйеуі 11 жыл абақтыда жатқанда әділдік іздеп шарқ ұрған болатын. Сот табалдырығын тоздырып, Президент әкімшілігі мен министрліктерге талай хаттар да жолдап еді. «Сот үкімінің жабық есік жағдайында жариялануы және сот үкімін естуге бұқаралық ақпарат құралдарының жіберілмеуі күйеуімнің судан таза, сүттен ақ екенін дәлелдейді. Егер күйеуім қандай да бір қылмыстық іске қатысы бар болса, оны неге халықтан жасырады? Мұхтардың кінәсіз екенін осыдан- ақ аңғаруға болады», деген сөздер айтқаны есімізде.