Бауыры іріп кеткен әйелге өз қызы ағзасын бөліп берді

41 жастағы Жаңыл Мұқашева ауыр дертке үш жыл бұрын шалдыққан. Ақ халаттылар оған бауыр циррозы деген диагноз қойыпты. Содан бері қайда барса да, еш үміт болмаған. Ақыр аяғында дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бауырын ауыстыру керек деп шешкен.

Жаңыл Мұқашева:

-  Бауырды ауыстыру керек болды.  Себебі ешқандай ем көмектеспеді клетка құйдырсам да.

Талай аурухананың табалдырығынтоздырып, жанына сауға сұраған әйелді ажалдан қызы арашалап қалды.

Жаңыл Мұқашева:

-Өзімді жақсы сезінемін. Осындай қыз тәрбиелеп өсіргеніме бақыттымын. Анамнан бір тусам, қызымнан бір туып отырмын.

Анасы үшін аянып қалмаған 18 жастағы Айсұлу донор болуға өзі сұраныпты. Ол шешесіне бауырының 70 пайызын бөліп берген.

Айсұлу Есбергенова, Ж.Мұқашеваның қызы:


-Операция біткеннен кейін ояндым. Реанимациядан палатаға ауыстырғанын, сол жақта оянып, есімді біліп жаттым. Екінші күні жүріп кеттім. Одан кейін мамам да маған жүріп келді. Сол жүргеннен жүріп кеттік.

Қазір қос пациенттің де жағдайы қалыпты. Өздігінен жүріп-тұрып, тар бөлмеде зеріккенде, ана мен бала далаға шығып серуендеп келеді.

Болатбек Баймаханов, Алматы қалалық №7 аурухананың бас дәрігері:

-Олардың жағдайы жақсы. Тіпті ауруханадан шығуға дайын. 08:22 Қыздары бір аптадан кейін аурханадан шықты. Жалпы жағдайлары жақсы, ешқандай бауыр жетіспеушіліктері жоқ.

Жалпы, елімізде бауыр ауыстыратын ота шетелдік дәрігерлердің көмегімен үш жыл бұрын қолға алынған. Сол аралықта 30-ға жуық науқас дертіне шипа тауып, ажалдан аман қалды.