Бұл айыпты тергеушілер Теміртаудағы металл өнімдерін шығаратын компания басшысының сөзіне сүйеніп тағып отыр. Кәсіпкер әйел алғашында қамауға алынған. Кейін жауап алу кезінде, Әбдішевке ірі көлемде пара бергенін мойындаған соң бостандыққа жіберіліпті. Естеріңізге сала кетсек, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Тергеу материалдарына сүйенсек, Бауыржан Әбдішев, кесек тас шығаратын зауыттың мүддесін қорғаған. Кейін сол кесек 3 жыл бойы Қарағандының жолдарына жаппай төселген екен. Бюджеттің барлық тапсырысын алып отырған экс-әкімге тиесілі зауыт, құжат жүзінде бөгде адамдардың атына жазылған көрінеді.