Бауыржан Әбдішевтің изоляторда отыру мерзімі тағы ұзартылды

Бауыржан Әбдішев қапасқа қырқүйектің 23-і күні қамалған. Тергеу мәліметтері бойынша, экс-әкім мемлекеттік тапсырыстардың миллиардтаған теңгесін өзіне қатысы бар жеке фирмаларға өтуіне зор ықпал еткен. Оның бірі жол төсеуіштерін жасайтын зауыт болса, екіншісі көшелерге жарық бағаналарын орнатумен айналысқан фирма. Дегенмен осы айыптарды дәлелдеу жұмыстары 5-ші айға созылатын болды.  Қолға кісен салғанша асыққан тергеушілер темір торға телміртіп алған соң тергеу уақытын ай сайын создырып өгіз аяңға түсіп алған. Осы іс бойынша үй қамаққа алынған экс-премьер Серік Ахметовтың да мерзімі ұзартылған болатын.

Әлия Жошева, Қазыбек би аудандық сотының ресми өкілі:

-Өйткені іс бойынша сараптама қортындысы дайын емес. Осы қорытынды бойынша куәгерлерден қосымша жауап алуға жән басқа да тергеу әрекеттерін жүргізу қажет.Сондықтан осы себептер Әбідшевтің қамау мерзімін ұзартуға себеп болды

Loading...