Бауыржан Байбек Алматының әлеуметтік экономикалық даму жайындағы есебін қағазға қарамай жатқа соқты. Азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу, қысқы жылыту маусымы мен Универсиадаға әзірлік туралы да айтты. Сонымен қатар, әкім Елбасыға маусым айында Алматынының бірнеше ауданын тас-талқан еткен селдің зардабын жойып, жұртқа толық өтемақы төленгені туралы баяндап берді. Байбектің есебін мұқият тыңдаған Назарбаев, қала құрылысына қатысты бірқатар міндеттер жүктеді.
Loading...