Бауыржан Байбек клиникаларды Оңтүстік Корея мен Израильге беруді ұсынды

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек кәсіпкерлердің жыл сайын өтетін III конференциясы барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім кейбір мәліметтерге сүйене отырып, алматылықтардың шетелде ем алуға 500 миллион доллар жұмсайтынын айтып өтті. "Бұл ақшаларды өзімізде қалай қалдыруға болады? Меніңше, біздің адамдардың көпшілігі Оңтүстік Кореяға, Израильге және Германияға барады. Себебі медициналық мекемелеріміз осы брендтерді қалайды. Сондықтан ақшаны біз баратын адамдарға беру керек. Немесе олардын осында келіп, сол қызмет түрлерін Қазақстанда көрсетуі үшін мамандармен келісу керек. Сонда науқастардың саны да көбейеді. Визаға, жолға, ұшаққа қанша ақша кетіп жатыр. Бізде ереже бойынша, адамдар ем алуға бір өзі бармайды (науқастармен бірге баратын адамдар - автор.)", - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Байбек Мемлекет басшысының медициналық мекемелерді жекешелендіруді 2018 жылға дейін аяқтауды тапсырғанын айтты. "Біз өзіміз талдау жүргіздік. 2018 жылдың соңына дейін жекешелендіруді жүзеге асырмақшымыз. Мұқият әрекет етіп жатырмыз. Барлық механизмді қолданып көргіміз келеді. Мәселе тек бюджетке түсетін ақшада емес, мәселе біздің жаңа технологияларды енгізуімізде", - деді Бауыржан Байбек.