Бауыржан Байбек көлік инфрақұрылым нысандарын аралап шықты


Қала басшысы өзге аймақтарға жолаушы тасымалы жолға қойылған «Сайран» автовокзалының жұмысымен танысты.

Б.Байбек Қысқы Универсиада қарсаңында Алматының қақпасы саналатын автовокзалдардың қауіпсіздігін арттырып, көрсетілетін қымет түрлерін жетілдіру қажеттігін жеткізді. 

«Президенттің айтқан тапсырмасына сәйкес, спорттық шара кезінде әуежай, авто және теміржол вокзалдарында қауіпсіздік пен ыңғайлылық болуы тиіс», - деді әкім.

Қала басшысы Алматы халқаралық әуежайы мен Түрксіб ауданындағы №1 теміржол вокзалында да болды. 

Қала басшысы Түрксіб ауданында азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін барынша жағдай жасалып жатқанын, «Ескі баспана» бағдарламасымен ескі үйлер сүріліп, жаңа мектеп, спорт секциялары ашылып жатқанын атап өтті.