Бауыржан Байбек мектеп бітірушілерге сәттілік тіледі

Айта кету керек, білім беру нысанын 2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашқан болатын.

Жиында қала әкімі Бауыржан Байбек соңғы 5 жылда Алатау ауданында 5 мектеп салынғанын атап өтті.

«Қалада тегін әрі сапалы білім алуға бар жағдай жасалған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде адам капиталының үлкен маңызы барын жиі айтады. Сондықтан, білім саласына қаржы бөлуге басымдық берілген. Биыл Алматы мектептерінің көпшілігі лингофон кабинеттерімен жасақталды. Физика, химия, биология кабинеттері қажетті құралдармен жабдықталатын болады. Сондықтан, емтихан тапсыратын балаларға сәттілік тілеймін», - деді Байбек.

Шаһар басшысы білім берумен қатар оқушылардың белсенді демалуына да жағдай жасау керектігін атап өтті.


Айта кету керек, биыл Алматыда 7804 оқушы мектеп бітірді.