Бауыржан Байбектің әйелі жаңа қызметке тағайындалды

Үкімге елбасы Назарбаевтың өзі қол қойған, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.

Жаңа қызметке тағайындалғандардың қатарында Жанар Байбек те бар. Ол Алматы әкімі Бауыржан Байбектің жары. Бұған дейін Жанар Байбек елордадағы Есіл аудандық сотында судья болып жұмыс істеген.

2017 жылы БАҚ құралдары Жанар Байбектің декреттік демалыста екенін хабарлаған болатын.