Баян Алагөзованың қызы ана атанды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Сүйінші хабарды анасы әлеуметтік желіде жазды.

Бүгінгі түн өте ұзаққа созылғандай. Қызым Айсауле ана атанды. Дүниеге кішкентай қыз бала келді. Нәрестенің де, қызымның да жағдайы жақсы. Қуаныштымыз,—деп жазды Баян Мақсатқызы.

Желі қолданушылары жаппай "әже атануыңызбен, бауы берік болсын" деген жылы лебіздерін қалдыруда. Еске салайық, бір күн бұрын Айсауле Бақытбек өзінің инстаграмм парақшасында 42-ші аптаға кеткенін, бірақ әлі босанбағанын биімен көрсеткен болатын.