Оның айтуынша, "Баян ауыл" базарының директоры Абай Қорғанбеков 17 тамызда өзінің жұмыс орнында соққыға жығылғандығы жөнінде Әуезов аудандық і ішкі істер басқармасына арыз түсірген. Дәл осы күні кәсіпкерлер тарапынан да Әуезов аудандық құқықорғаушылардың, атап айтқанда басқарма бастығы Мәлік Құрманбаевтың заңсыз әрекетіне қатысты арыз жазылған.
"Алайда арыз берілгеннен бері бірнеше күн өтті, бірақ мен осы іс бойынша енді ғана түсінік бердім", -дейді Р.Кардаш. "Полиция қызметкерлері бізді оқиға орнынан, куәгер болмау үшін әдейі аластатты. Бірақ мен бәрінің бет жүзін жақсы танимын. Тіпті, Қорғанбековты спорт киімін киген жігіттердің соққыға жыққанына куә бола аламын. Әкім оларға істің ақ-қарасын ажыратуды тапсырды",-деп түсіндірді ынталы топ өкілі.
Р.Кардаштың айтуына қарағанда, базар директорын ұрып-соққанда, әкім Әділ Несіпбаевтың жанында орынбасары Бораш Шенсізбаев және Ибрагим Айтқасымов болған. " 14 тамыз күні Шенсізбаев қала әкімшілігінің қаланы көгалдандыру департаменті өкілдерінің және полиция қызметкерлерімен бірге базарға келіп, Қорғанбаевқа сес көрсеткен",- дейді ол.
"Полиция қызметкерлері осы уақытқа дейін ешқандай шара қолданған жоқ , әкімшілік туралы бұлай айтуға болмайды, дейді Р. Кардаш.
Кеше базар түгел жарықсыз қалды. Электр қуатына қатысты ешқандай қарыз жоқ. Мамандар мұны әкімшіліктің тапсырмасы деп түсіндірді", деп толықтырды өз сөзін Регина Қардаш.
Осыған дейін айтылғандай, базардың директоры тамыздың 16- нан 17-не қараған түні соққыға жығылды. Ол контейнерлерді базардан алып шығуға наразылық танытуға тырысқан болатын. Куәгерлердің айтуынша, Қорғанбековты Әуезов ауданы әкімінің бұйрығымен осы аудандық ішкі істер басқармасы бастығының көзінше таяқ астына алған. Зардап шеккен кәсіпкер бұл оқиғаны Алматы базарларына ықпал жүргізетін жандардың ауысуына байланысты болған оқиға деп есептейді.