Баян Есентаева алдағы аптада ауруханадан шығарылуы мүмкін

Бұл туралы BNews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Продюсердің туыстары дәрігерлерге оның денсаулығы туралы журналистерге ақпарат бермеуді өтінген болатын. Бұл жолы продюсердің денсаулығына қатысты ақпаратпен Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы бөлісті.

“Баян Есентаеваны емдеуші дәрігерлер оның өзін жақсы сезініп жатқанын айтады. Продюсерді  палатаға көшіруге де болатын еді, дәрігерлер көп адам мазалайды деп жан сақтау бөлімінде қалдыруды жөн көріпті. Туысқандары Баян Есентаеваны алдағы сенбіде үйге алып кетуді сұраған екен, ал дәрігерлер әзірге бұл ұсыныстың дұрыс-бұрыстығын таразылап жатыр”, – дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ақниет Балтанова.


Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалыпкүйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған-ды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған.