Баян Есентаева: Күйеуім мені ұрып, мұрнымды сындырды, тісімді қақты

Баян Есентаева журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, аты-шулы оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Дәл сол күн менің өмірімдегі ең ауыр күн. 10 маусым күні болған жағдай әлі көз алдымда. Ол қорқыныш мені әлі де аңдып тұрғандай. Мен әлі де күйзелісті бастан кешудемін. Тіпті, маған 5 метр жақындаған ер адамнан қатты қорқам. Маған оңайға соққан жоқ, әрине. Бірақ, мен мұның бәрін жеңу керек екенін білем», – дейді Есентаева.

«Бұл сұхбатты бермейтін де едім. Бірақ мен туралы небір ақпарат жазылып жатыр. Мен адамгершілікпен барлығынан мен туралы жазуды доғаруын сұраған едім. Мен жайында ойдан шығарып жазылып та жатыр. Сондықтан барлығын өз аузыммен айтуыды жөн көрдім», – деп бастады ол сөзін.

Осыдан соң қайғылы оқиғаның қалай болғанын өз аузымен айтып берді.

«Мен 5 маусым күні үйіме қайтуым керек болған. Алайда, күйеуім екеуміздің арамызда дау туындап, ол менің үйге келмеуімді айтып қорқытты. Мен тағы 5 күн күттім. Ол сабасына түскен шығар деп ойладым. Сосын оған айтпай ұшып келдім. Таксиге отырғанда ол есікті ашып кіріп келді. Менің сондағы оның түрінен қорыққаным соншалық, қазірдің өзінде көліктің есігін автоматты түрде жауып жүрем. Оның қолында пышақ болды. Сосын ол менің жұдырығымен бір ұрды», деп еке алады Баян.

Қайғылы оқиға жанына ауыр батқанымен болған жайды сабырлы кейпінде, ұстамдылықпен әңгімесін жалғастырды.

Мен жай ғана жүргізушіден көмек сұрадым. Сәлден соң ол жүргізушіні тоқтатып, мені соңымыздан келе жатқан екінші көлікке отырғызды. Ол көлік тізгінінде оның інісі отырды. Содан мені соққының астына алу 2 сағатқа созылды. Менің бас-көзімнен, мұрнымнан, құламғымнан қан ағып жатты. Айқаулауға дәрменім болмады. Ернімді, бетімді жырып тастады. Мұрнымды сындырды. Мен сол кезде жай ғана оның балалары жөнінде ойлауын сұрадым. Осыдан соң ол мені қатты ұрып жіберді. Сол себепті менің екінші көзім дұрыс көрмейді.», – дейді продюсер.


Осы орайда журналист оның бұған дейін күйеуінің жақсы екенін, оның жақсы әке екенін, отбасында тату екенін айтатыны жайында сөз қозғады.

«Мен біреуге шағым айтқанды ұнатпаймын. Отбасыңдағы ұрысты айтқаннан ешнарсе өзгермейді. Ол шындығында да жақсы күйеу, жақсы әке болды. Ол мен жақсы көрді. Бірақ мәселе менің оны жақсы көруім, көрмеуімде. Мен оған бауыр басқаныммен оны сүйем деп ешкімге айтпағанмын», -дейді продюсер.

Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы отажасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.